Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол құрылысы қарқын алып келеді

c 17:31, 26/03/2020 c 664

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Бөкей Ордасы  аудандарына апарар жол құрылысы былтыр басталған болатын. Алайда 3 жылға есептелген құрылыстың алғашқы жылында 3 шақырымға ғана асфальт төселіпті. Тұсауы кесілсе де, тәй-тәй баса қоймаған жобаға биыл жан бітті. Көктемнің ерте шығуына байланысты қазір қара жолда құрылыс қарқын алып келеді. «Жол азабын жүрген білер». Оралдан 500 шақырымдағы жәнібектіктіктер жол тауқіметін тартып келеді. Көліктер көктем-күзде батпаққа батып, жолаушылар далаға талай түнеген. Казталовтан Жәнібекке және Сайқынға дейінгі жолдың ұзындығы 250 шақырым. Осы аралықты жөндеу былтыр басталған еді. Былтыр тек 3 шақырымға асфальт төселсе, биыл 100 шақырымға жол салу жоспарланған. Қаладан алыс болғандықтан қиыршық тас пен құм тасуда теміржолдың мүмкіндіктері пайдаланылуда. Ол үшін Ресей теміржолы басшылығымен келіссөздер жүргізіліпті.   Қазір құрылыс қарқын алып келеді. Құрылыс материалдарының сапасы мен жолды күтіп-ұстау жайы қатаң қадағалауда. Жол құрылысының мультипликативтік әсері де орасан. Барыс-келісті жақсартуға қоса, алыс аудан экономикасына тың серпін бермек. Жұмыс орындары ашылмақ. Бір ғана Жәнібек ауданында құрылыс кезінде 300-дей адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір 50-дей тұрғын екі қолға бір күрек тауыпты.  Жол салынған соң, Ресейден келетін транзиттік көлік тасқыны күрт көбейеді деген болжам бар. Себебі аталған бағыт Еділ бойына, одан әрі Еуропаға шығатын ең төте жол боп табылады. Нәтижесінде жол бойындағы қызмет көрсету саласы дамымақ. Казталовтық кәсіпкер Мәншүк  Балдақова жол бойындағы кафе мен қонақүйді осы оймен салғанын айтады.Аталған аудандарға жол салуға республика бюджетінен әзірге 2 млрд жарым теңге бөлініпті. Мамандардың айтуынша қосымша қаржы таяу уақытта қаралмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.