Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

c 17:56, 11/10/2021 c 1014

0:00 / 0:00

Оралда екі автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды. Оқиға сенбі күні сағат 16:15-те Абай даңғылы бойындағы «Тойота» орталығы тұсында болған. Қазір жол көлік оқиғасы туралы тың деректер пайда болды.Аталған жол-көлік оқиғасынан «Лада Приора» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы жолаушы қаза тапты. ПД мамадары таратқан мәліметке сүйенер болсақ, жол ережесін «Лада Приора» көлігін тізіндеуші бұзған. Сол себепті қазір бірқатар сараптамалар тағайындалыпты.«Мерседес» темір тұлпарын тізгіндеуші бұған дейін жол ережелерін бірнеше мәрте бұзып, оған әкімшілік жаза тағайындалған. Айта кеткен жөн, 22 жасар жүргізуші жол апатынан зардап шеккенімен медициналық көмек алудан бас тартыпты.Оның осы кезге дейінде мотоцикл жүргізушісін қағып кеткені белгілі болды. Бұл туралы куәгер мәлімдеме жасады.Қайғылы оқиғаға қатысты ақпарат алдағы уақытта мәлім болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.