Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жергілікті жердің жұмысы көбейеді

c 20:15, 13/02/2020 c 806

0:00 / 0:00

Бірқатар өкілеттілік орталықтан жергілікті жерлерге беріледі. Министрліктер арасында да өкілеттілік қайта бөлінбек. Бүгін Мәжілісте тұсауы кесілген «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша» заң жобасы талықланды.

Министрліктер арасында 88 өкілеттілік қайта бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жыл сайын 10 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеуге өтініш береді. Ал бұл өтініштерді Білім  министрлігі 3 күн ішінде қарайды. Алайда, бұл өтініштерді жеткізуде проблемалар бар. Енді жаңа заң жобасына сәйкес, бұл өкілеттілік жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Тек сонда бұл жұмыс тез шешілмек.  Алайда, депутаттар орталық органдардан жергілікті жерлерге беріліп жатқан өкілеттіліктермен бірге, қызметкерлердің жалақысын да реттеген жөн деп отыр.

Вице-министр, бұл мәселені талқылаймыз, қараймыз деген жауаппен құтылды.

Мәжілісмен Қайназаровтың айтуынша, заң жобасына сәйкес, жергілікті жерлерге еш маңыздылығы жоқ, керек емес өкілеттіліктер беріліп жатыр. Яғни орталық мемлекеттік орган ақшалы фнукцияларды уысынан шығармай, өңірлерге болмашы функцияларды итере салуда дейді ол.Мысалы, шекаралас өңірлерде жол белгілерін бекіту, санаторийге баратын науқастар тізімін тіркеу сияқты болмашы қызметтерді бере салған.

Мәжіліс қоржынына келіп түскен «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша» заң жобасы бірден осындай сынға ілікті. Одан әрі жобаны пысықтау депутаттардың қолында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.