Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жеңімпаз партиялар

c 18:27, 12/01/2021 c 691

0:00 / 0:00

Сайлауда жеңіске жеткен үш партияның парламентке өтетін депутаттары белгілі болды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы қай партия қанша депутатпен өткенін мәлімдеді.  Комиссия төрағасының орынбасары Констатин Петровтың айтуынша, мандаттарды тарату шаралары "Сайлау туралы" конституциялық заңның аясында атқарылады. Осыған орай "Nur Otan" партиясы - 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды. Ақжолдықтар бірден 12 депутатын сайлап қойды.

Сонымен, сайлауда жеңіске жеткен үш партияға мандаттар таратылады. Әрине өле жегенше бөле же деп, мандатты тең бөлісу  жоқ. Қайсы қанша дауыс жинады, сонша деупатымен парламентке келеді. " Орталық сайлау комиссиясы қай партияға қанша мандат бұйыратынын жариялады.

Константин Петров – ҚР ОСК төрағасының орынбасары -«Nur Otan" партиясы - 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды».

Демек, бүгіннен бастап партиялар мандаттарды тарату кезегін анықтауы тиіс. Егер белгіленген уақыттың ішінде мандаттарды тарату кезегі анықталмаса, Орталық сайлау комиссиясы тіркелген партиялық тізімдер бойынша мемлекеттік тілдегі алфавит тәртібімен мандаттарды таратады. Ал Ақжолдықтар бірден 12 депутатын сайлап қойды.

«Ақ жол» партиясынан сайланғандардың төртеуі бұрынғы депутаттар. Олар-Азат Пеурашев, Дания Еспаева, Берік Дүйсенбинов және Ерлан Барлыбаев. Қалған сегізі су жаңа депутат болмақ.  Осылайша, парламентте Ақжол партиясы фракциясының мүшелері енді жетеу емес, 12 болмақ. Сайлау нәтижесі бойынша Nur Otanнан кейін екінші орында тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.