0:00 / 0:00
Теректі ауданының Подстепное ауылы агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері талқыланатын басты сараптамалық алаңға айналды. Көшпелі жиынға қатысушылар егін жинау науқанының аралық қорытындыларын бағалап, алдағы қыстауда малды жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз етудің тиімді жолдарын іздестіруде. Егін жинау жұмыстарының қарқыны, фураж дайындау жоспарлары және жергілікті фермерлердің түйткілді мәселелері алдағы материалда.










