0:00 / 0:00
Жасөспірімдер арасында құмар ойындарға қызығушылықтың артуы алаңдатарлық жағдайға айналып отыр. Әсіресе әлеуметтік желілер мен онлайн платформалар арқылы балалардың бәс тігу ойындарына тартылу қаупі жоғары. Осыған байланысты Бөрлі ауданында оқушылар арасында лудоманияның алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мамандар балаларға құмар ойындардың зардабын түсіндіріп, саналы таңдау жасауға үйретіп келеді.







