Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шекарада ірі көлемдегі темекі мен вейп контрабандасы әшкереленді

c 14:46, 23/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстан шекарасында жалпы құны 510 миллион теңгеден асатын темекі өнімдері мен вейптердің заңсыз тасымалына тосқауыл қойылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қараша айында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтпек болғандарды анықтады. Ал Жамбыл облысындағы шекара маңынан 13 мың 960 дана вейп тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген өнімдердің жалпы құны 510 миллион теңгеден асады. Аталған деректер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.