Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2027 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

c 13:41, 23/11 c 1

0:00 / 0:00

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы бірқатар маманның жалақысы көтерілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге еңбек өтіліне қарай, ал психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге қосымша ақы төлеуді ұсынып отыр. Жобаға сәйкес, учаскелік терапевттер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлеріне үздіксіз еңбек өтіліне қарай лауазымдық жалақысының 20, 30 немесе 50 пайызы мөлшерінде үстемеақы беріледі. Ол екі жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға - 20%, үш жылдан асқандарға - 30%, бес жылдан асқандарға - 50% болады. Ал халықты тікелей сүйемелдейтін психологтарға базалық лауазымдық жалақысының 300 пайызы, әлеуметтік қызметкерлерге 200 пайызы көлемінде қосымша ақы төлеу көзделген. Министрлік бұл шаралар медицина мамандарының тұрақтамауын азайтып, кадр тапшылығын қысқартуға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын хабарлады. Қаулы жобасы «Ашық Нормативтік Құқықтық Актілер» порталында жарияланған. Құжатты қоғамдық талқылау 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.