Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Желаевта жаңа комьюнити орталығы ашылды

c 17:26, 02/03/2022 c 525

0:00 / 0:00

Орал қаласына қарасты Желаев кентінде "Ақберен" комьюнети орталығы ашылды. Мәдени ошақ балалар мен ересектерге арналған. Осы нысанда ауыл тұрғындары бос уақыттарын тиімді өткізбек. Қазірдің өзінде жаңадан ашылған мәдени орталықта 4 үйірме өз жұмысын бастады.

Желаев кентінде "Ақберен" комьюнити орталығы ашылды. Салтанатты шараға ауыл тұрғындары мен мәдениет қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын мәдениет ошағының ашылуымен құттықтады.

Комьюнити орталығында ересектер мен балалар бос уақытын тиімді өткізе алады. Қазірдің өзінде 4 үйірме іске кіріскен.

Бүгінгі таңда Желаев кентінде 2500 адам бар. Қалаға қарасты ауылда бірде-бір мәдениет ошақ жоқ. Ауыл тұрғындары комьюнити орталығының ашылуын көп күткен еді.

Күні бүгінге дейін облыс орталығында балалар мен ересектерге арналған 7 комьюнити орталығы ашылып, қызметіне кірісті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.