Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаттығу жасаймыз

c 09:24, 06/11/2020 c 760

0:00 / 0:00

Енді қазақстандық жұмысшылар жаттығу жасауға міндеттеледі.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің  осы жылдың 28 қазандағы қаулысына сәйкес, дене жаттығуымен шұғылдануды жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді.  Бұл қаулы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс негізінде қабылданып отыр. Ал жұмыс уақытында жаттығу жасауды қызметкерлердің бәрі бірдей қолдай ма?

Саламатты өмір салтын сақтау бүгінде  сәнге айналған. Бұқара бірінші байлық-денсаулық екеніне көңіл бөле бастады. Жаяу жүгіру марафондары, фитнеске жиі бару, вилосипед тебу кеңінен тарап жатыр. Енді денсаулық сақату министрлігі жұмыс арысында жұмыскерлерге жаттығу жасатуға міндеттеп жатыр. Тіпті арнайы қаулы шығарды. Бұл халық денсаулығы кодексінде қарастырылған екен. Министр Алексей Цой шығарған қаулыда  жұмыс берушілер қызметкерлерінің жынысына, жасына, еңбек шартына, атқаратын қызметіне байланысты дене жаттығулар кешенін жасап шығарулары тиіс. Сондай-ақ,  жаттығулар жүргізілетін жер үнемі тазалықта болып, дене шынықтырудың алдында кеңсе желдетіліп тұруы керек.  Ережеге сәйкес, физикалық жаттығулар жұмыс күнінің бірінші жартысында жасалып, 10-15 минутқа ғана созылады.  Таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс пен үйдің ортасында шапқылап жүрген қызметкерлер үшін бұл тиімді ме?

Анар Мұқаева   - жылжымайтын мүлік бойынша агент «Біз күні бойы орнымыздан тапжылмай отырып жұмыс істейміз.Денсаулық үшін жаттығу керек. Мен бұл қаулыны қолдаймын. Күн сайын 10 минуттық жаттығу жасап тұру керек. Бұл өте дұрыс шешім. Өз-өзімізге көңіл бөлуіміз керек».

Бірақ денсаулық сақату министрлігінің бұл ережесін бәрі бірдей қолдап отырған жоқ. Жаттығу жасауға міндеттейтін қаулыға қарсылық білдірушілер де бар.

Сондай-ақ, министрліктің бектікен ережесіне сай,  жаттығулар кешенін үш-төрт апта сайын ауыстырып тұрған жөн. Дене жаттығулары екі-үш минут шынығудан басталып, кейін негізгі гимнастикаға ауысуы керек. Жұмыста жаттығулар жасауға  қатысты қаулының орындалуын денсаулық сақтау вице-министрі жіті бақылап отырмақ. Еске сала кетейік, кеңес дәуірінде жұмыс барысында жаттығу жасау кеңінен тараған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.