Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастарды қанаттандырған кеш

c 18:31, 18/09/2019 c 1098

0:00 / 0:00

"Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра" , - деген әдемі мақал бар. Аталы сөз кеш қонағына арналғандай... Өмірлік тәжірибесімен бөліскен дарынды кәсіпкер Бауыржан Қасымбергебаев, лекциясы бекітілген уақыттан асса да ұйып тыңдаушы жастардың қызығушылығы арта түсті.

Бауыржан Қасымбергебаев Қазақстандағы ірі жобалардың басында жүрген бірегей азаматтардан. Үнемі науқастарға қаржылай көмек жасап, «Алтын жүрек» ұлттық номинациясының да иегері атанған жас кәсіпкер. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-тінің мұрындық болуымен өткізілген тренингтің жастарға беретін тәлімі мол. Негізі бүгінгі заман, заманауи, әмбебап, іскер азаматтардың заманы. Осы орайда, бүгінгі кездесу жастардың бойында заманауи технологияларды пайдалана отырып өзін-өзі дамыту және танымалдық деңгейін арттыру бойынша нақты дағдыларды дамыту мақсатын меңзейді.

Әсерлі бас қосуда қызықты сұрақ қоюшыға сыйлықтарын да үлестірген Бауыржан Қасымбергебаевпен аталмыш білім ордасының жастары суретке түсіп, болашақта осындай кездесудің тағы да өтуіне өтініштерін жаудырды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау жолында еліміздегі іркелі оқу орындарының бірі - М.Өтемісов атындағы БҚМУ осындай бастамаларды кейін де қолға алмақ.

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.