Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас кәсіпкер

c 17:30, 13/08/2019 c 1018

0:00 / 0:00

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» білім беру жобасына бизнес-тренерлердің екінші легін оқытуды бастады. Келіп түскен 300 - ден астам өтінім ішінен тәжірибе бөлісу, жастарға бизнес жүргізудің қыр-сырын, сондай-ақ заңгерлік және экономикалық сауаттылықты үйретуге дайын бірнеше үміткер іріктелді. Бұл туралы жас кәсіпкерлер форумында айтылды.Осы жылы жоба аясында аймақтың 1000 жасын оқыту жоспарлануда. Бірінші легте өңірдің 10 ауданынан 540 жас білім жетілдіріп жатқан болса, екінші лек өз жұмысын ертең бастайды. 8 топтан тұратын оқуда өз бизнесін енді бастаған 320 кәсіпкерге заңгерлік кеңестерден бөлек, кездесетін түрлі кедергілерді жеңу, жұмысты жандандыру бойынша түрлі қажетті ақпараттар берілді. «Жас кәсіпкер» жобасына 18 бен 29 жас аралығындағы жас отбасы мүшелері, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жұмыссыз жастар қатыса алады. Студенттер жобаның қатысушысы бола алмайды. Жобаға қатыспас бұрын жастар алдын ала тесттен өтеді. Жалпы 100 балдан ең кемі 55 балл жинау қажет. Оған қатысуға мүмкіндік алған азаматтар 3 апталық - 21 күндік оқу курсына қатысады. Арнайы курстан өткендер сертификат алғаннан кейін 19 273 теңге бір реттік шәкіртақы төленеді. Кейін олар өз ісін ашуға мүмкіндік алады. Бизнес жоспарлары сәтті шықса, бір жолғы қайтарымсыз несе алу мүмкіндігіне ие болады.
«Баста» деп аталатын форумға өңір аудандарынан 100-ден аса жас кәсіпкер шақырту алған. Одан бөлек өз кәсібін ұршықша иіріп жүргендер де шараның қадырменді мейманы атанды. Солардың ішінде дәнекерлеуші ісін қолға алған Ақжайықтық Дидар да бар. Бұл форум арқылы ол өз білімін жетілдіретініне сенімді. «Жас кәсіпкер» жобасы ақысыз негізде, тегін оқытылады. Жобасын сәтті қорғаған жастардың сертификаты 2 жылға жарайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.