Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастарға 700ге тарта жұмыс орны ұсынылды

c 10:42, 20/07/2018 c 728

0:00 / 0:00

Uralsk job fair 2018 бос орындар жәрмеңкесі Оралда жыл сайын ұйымдастырылады. Алайда соңғы екі жылда бұл шара жаңа серпін алып, жаңаша атау алды. Облыс аудандары мен қаладағы 70ке тарта мекеме дипломдарын құшақтап, түйіндемелерін толтырған жастарға жұмыс орындарын ұсынды. Биыл облыста 15 мыңнан астам түлек жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын тәмамдап, үлкен өмірге қадам басқан. Жастар саясаты мәселелері басқармасы осы жастардың өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, ересек өмірден орын табуларына күш салуда. Жастарға «дипломмен ауылға», «жастар тәжірибесі» сынды мемлекеттік бағдарламалар ұсынылып, жұмыс берілді. Бұл шара жеке кәсіп ашу, кәсіпкерлік нысанын тіркеу, демеуқаржы алу арқылы кәсіпті кеңейту сынды кеңестер берілген шеберлік сыныбына ұласты.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.