Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәрдемақы қалай беріледі?

c 18:30, 09/10/2019 c 1077

0:00 / 0:00

Еңбек минситрлігі ұсынып отырған мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасына беріледі. Министрлік әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге төленеді деген еді. Алайда, 7 баласы барлар да, одан көпбалалы отбасы да алатын жәрдемақы көлемі 73 мың теңгені құрайды. Бұл жайында бүгін Парламент Мәжілісінің дәлізінде берген сұхбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Өздеріңізге мәлім, үкімет атаулы әлеуметтік көмекті енгізіп, аз қамтылған көпбалалы отбасыларына бала басына 21 мың теңгеден беруді бастады. Алайда, бұл көмек  бюджетке салмақ түсірді ме, еңбек министрілігі көпбалалы аналарға табысына қарамай жәрдемақының жаңа түрін қайта бекітіп отыр.  Қазір елімізде 343 мың көпбалалы отбасы бар. Төрт баласы бар  отбасылар ай сайын 42 500 теңге алса, одан ары бұл сома 10 мыңға артып отырады. 7 баласы барлар 73 мың алады. Министрден  он баласы бар отбасылар 100 мың теңге ала мадеп сұраған едік.

Ал бұған дейін еңбек министрлігі мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланатынын, әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге төленетінін хабарлаған болатын. Үкімет басшысының орынбасары, атаулы әлеуметтік көмекті масылдар емес, тек мұқтаж жандар ғана алатынын тағы еске салды.

Үкіметтің бұл  ұсынысын Парламент қолдаса, келесі жылдан бастап көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақыны алып бастайды.  Бұл мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.