Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарамсыз куәлікпен көлік басқарған

c 17:46, 15/09/2021 c 649

Облыс орталығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүргізуші куәлігі жарамсыз бола тұра, автокөлік тізгіндеген азамат ұсталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның Сырым Датов көшесінде тіркелгенін айтады. Аталмыш жүргізуші "Камри" маркілі көлікті тізгіндепті. Оқиғаның жай-жапсары әлі анықталу үстінде.

Рустам Гусманов,  Орал қаласы ПББ взвод командирі:

-14-қыркүйекте Орал қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Камри" маркілі темір тұлпарды тізгіндеген Ш. есімді азамат тоқтатылды. Оқиға Сырым Датов көшесінде болды. Тексеру барысында азаматтың жүргізуші куәлігінің жарамсыз екені, яғни көлік басқаруға құқы жоқ екені анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оны әкімшілік полиция ғимаратына алып келді. Және мамандар жүргізушінің облыстық психологиялық денсаулық диспансеріне сұрау салды.-дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.