Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңғыртудың жағымды қыры

c 17:56, 30/10/2020 c 516

0:00 / 0:00

Осыдан бір жыл бұрын тұрғындар Жәңгір хан 11 мекенжайында орналасқан көп қабатты үй жағдайы бойынша арнаға хабарласқан болатын. Аталмыш ғимарат өткен ғасырдың 71 жылы тұрғызылған. Жаңбырлы күндері төбеден су тамшылап сорғалайтын болғасын бір ауыздан жаңғырту бағдарламасына қатысуды ұйғарыпты. Міне, біраз уақыттан соң 90 пәтері бар тұрғын үй жаңғыртудан өтіп, төбесі жөнделіп, жаңарып қалды.
Аталмыш ғимаратты қайта жаңғырту үшін бағдарлама аясында бөлінген 43 млн теңге жұмсалды. Осы соммаға төбе жаңартылып, жертөле арқылы жылыту жүйесі ауыстырылды. Жалпы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 90 пәтерлі тұрғын үйдің төбе жабындысын жөндеу адам басына 4-6 мыңнан теңгеден келсе, жедел сатыны жаңартуға айына 3-4 мың теңге төлем кетеді екен. Тиісінше, Жәңгірхан көшесі 11 мекенжайындағы ғимараттың тұрғындары 8 жыл ішінде 43 млн. теңгеден астам қаражатты қайтаратын болады.
Нұрлы жер жаңғырту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 17 көп қабатты тұрғын үй жөндеуден өткен. Соның ішінде 14 жедел саты жаңартылса, 3 ғимараттың төбе жабындысы ауыстырылды. Сондай қозғалысы мығым жөндеуден өткен жедел сатының бірі Темір Масин 48 мекен жайындағы көп қабатты тұрғын үйде жұмыс жасап жатыр.
"Нұрлы жер" жаңғырту 2020-2025 бағдарламасы аясында барлығы 110 көп қабатты тұрғын үйді қамту жоспарланып отыр. Осы жылдың өзінде 258 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Бұл бағдарламаның ұтымды жақтары жетерлік. Тек тұрғындардың ұйымшылдығы керек,- дейді сала мамандары.
Бағдарлама басталғаннан бері тұрғын үйлерді жөндеуге және жаңартуға шамамен 1,5 миллиард теңге жұмсалған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.