Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жүгіру жолағы

c 17:53, 26/10/2020 c 749

0:00 / 0:00

Орал қаласында орналасқан Мөңкеұлы атындағы саябақ жандандырылмақ. Қазіргі таңда көгалдандыру жұмыстары аяқталып, гүл мен тал-терек егілді. Мамандар аталмыш саябақта балалар алаңы мен стрейтокард және жүгіру жолағының бой түзейтінін айтады.

Жыл санап, үй мен халқы өсіп келе жатқан Зашаған кентінде саябақ жанданып жатыр. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда Мөңкеұлы атындағы саябақта 4000 тал-терек және көп жылдық өсімдіктер отырғызылып, келешекте балалар ойнайтын алаң бой түземек.

Саябақта балалар алаңымен қоса, жүгіру жолағы пайда болмақшы. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында екі жүгіру жолағы бар. Олардың ұзындығы 1 шақырымнан асып жығылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.