Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа технология

c 17:55, 22/06/2020 c 436

0:00 / 0:00

1941 жылы 22-шы маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Ел мен жерді жаудан қорғауға ұмтылған жандардың ерлігін бүгін барша жан еске алады. Биылғы жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай шаралар жалғасуда. Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мұражайда соғыс ардагерлері батырдың рухына тағзым жасап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ерлік пен батырлықтың үлгісі бола білген батырдың мұражайында алғаш рет замануи технология қолданылып, 1993 жылы орнатылған диарама жаңартылды.

Қазақстанның мұражайларда алғаш рет 3д -маппинг жүйесі қолданылуда. Жобаның жасақтаушылары жұмысты орындау үшін бірнеше ай еңбектенгендіктерін айтады.

Жаңашылдықты тамашалаған соғыс ардагерлері Отан үшін сұрапыл соғыста опат болған жандарды еске алып, бүгінгі ұрпаққа жауынгерлердің ерлігін ұмытпай, елге қызмет көрсету керек деп ақ батасын берді. Қала тұрғындары да жаңа технология өскелең ұрпаққа батырлардың ерлігін сезінуге мүмкіндік береді,- дейді.

Шетелде кеңінен қолданылып жүрген технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Мамандар бұл тарихты оқып-танимын деп, ерлік пен батырлықтың асқан рухын сезінем деп келген өскелең ұрпаққа зор ықпал етеді,- дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.