Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа мүмкіндіктер

c 18:45, 03/12/2020 c 680

0:00 / 0:00

Автономды режимде жұмыс жасайтын бекет Қазталов ауданынан 50 шақырым жерде. Діттеген жерге 1 сағатта әупірімдеп жеттік. Аумағы 90 шаршы метрді алып жатыр. 1 жылдың ішінде құрылыс сәтті аяқталып, қазір 80 пайызы дайын. Қажетті қаражат республикалық бюджет тарапынан бөлініпті.
Мұнда қазір инспекторларға толық жағдай жасалған. Мәселен, жуынатын бөлме, асхана, жұмыс кабинеттері бәрі-бәрі қарастырылыпты. Ал электр энергиясы үй төбесіндегі күн батареялары арқылы өтеді. Бұған дейін қызметкерлер ашық далада арнайы көліктерде тұрып келген.
Жылжымалы станция аумағы шағын жанармай құю бекетімен, көлікке техникалық қызмет көрсету алаңымен және операторлық бөлмемен жабдықталған. Бұның барлығы инспекторлардың кез-келген жағдайда жедел әрекет етіп, тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретіні анық. Аталмыш бекет алғашқы рет Батыс Қазақстан облысында іске асып отыр. Келешекте өзге өңірлерде де осындай жұмыс қолға алынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.