Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

c 09:18, 11/01/2022 c 960

0:00 / 0:00

Бүгін елде Жалпыұлттық Аза тұту күні. Қазақстанда елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарды аза тұту үшін, қаралы күн жарияланып отыр.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті. Жалпы елде орын алған жағдайда 164 адам көз жұмған.

Қазақ елі қара жамылды.Елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні еліміздің басты туы түсірілді. Барлық әкмішілік ғимараттарда да көк туымыз төмен түсірілді. БАҚ-да ойын-сауық бағдарламаларына тиым салынды. Жалпы елде орын алған жағдайда 164 адам көз жұмған. Күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шекті. Қазақстан бойынша тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 2 265 адам медициналық көмекке жүгінген. 83 адам ауруханада ауыр халде жатыр. Алматыда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде 4 жастағы қыз бала мен 11 жастағы бала оқ тиіп қаза болды. Тағы бір бала ауруханаға түскен. Жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 8 мыңға жуық адам ұсталды деп хабарлайды ІІМ.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында 125 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ал Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мәліметнше, жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау барысында 2 экстремистік топ құрықталды. Бұлар Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқандар.
Бүгін Мәжілістің бюро отырысында қаза болғандардың аруағына тағзым етіліп, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Өз кезегінде депутаттар Мемлекет басшысының елдегі жағдайды тұрақтандыруға қатысты шешімін қолдауға шақырды.

Сенаторлар да үн қосты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде елімізде болған қайғылы оқиғадан қаза тапқан сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың рухына арнайы Құран аяты бағышталды деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, лаңкестікке қарсы операция еліміздің бірқатар өңірінде жалғасуда. Билік Қазақстанның басым бөлігінде жағдай тұрақталғанын хабарлауда. Көп зардап шеккен Алматы қаласында және басқа да өңірлерде әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік-коммуналдық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізу қолға алынуда. Елордада бүгін барлық сауда-саттық орындарының және екінші деңгейлік банктердің жұмысы жанданды. Төтенше жағдай сақталған. Комендаттық уақытты бұзғандар бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қаланың сол жағалауында Ақорда, Парламент, үкімет үйлері толық әскери күштерімен қатаң күзетке алынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.