Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалған ақпарат

c 19:00, 04/03/2020 c 782

0:00 / 0:00

Оңтүстік Кореяда тұрып жатқан отандасымыз коронавирус жұқтырмаған.  Ол  барлық медициналық процедуралардан өтуге және жергілікті билікпен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Бүгін елордада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғанын жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде, соның ішінде орыс тілді топтарда сол елде заңсыз жүрген қазақстандық коронавирус жұқтырған және ол қашып жүр деген ақпарат тарағанды. Сыртқы ведомство бұны жалған ақпарат деп мәлімдеп отыр.Тіпті бұл хабарды естіген азамат өзі жайында хабарды естіп, таң қалған.

Коронавирустан шошынған халық, осыған қатысты кез-келген  ақпарға алаңдап отырады. Күні кеше кейбір  отандық  бұқаралық ақпарат құралдара Кореяның әлеуметтік желілеріне сүйеніп,  сол елде жүрген қазақстандық коронавирусты жұқтырғаны туралы ақпарат таратқанды.  Алайда, сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ресми өкіл Айбек Смадияровтың хабарлауынша,  оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде, әсіресе, орыс тілді топтарында қазақстандық азамат коронавирус жұқтырды деген ақпаратпен, оның  аты-жөні мен суреті таралған.

Кейбір дерек көздеріне сәйкес, ол азамат жақында  Кунпхо қаласынан Ансонға көшкен. Кореядағы отандасымыз өз жайында әлеуметтік желіде жүрген ақпарды естіп, таң қалған. Дегенмен, ол  коронавирусқа шалдыққан адам барған қоғамдық тамақтану орнында болған екен.

Айта кету керек, әлеуметтік желіде аты шыққан отандасымыздың Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргенін министрлік растап отыр. Бүгінгі күні бұл елде 4006 адам қаупті індетті жұқтырған. 32 адам осы виурстан көз жұмды. Осылайша  Оңтүстік Корея коронавирус  кең тараған елдер арасында Қытайдан кейін екінші орында тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.