Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ж.Санауовты еске алуға арналған турнир

c 17:05, 27/09/2021 c 1487

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Жасталап Санауовты еске алуға арналған каратэден 10-шы халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен екі жүзге жуық спортшы қатысты.Каратэден халықаралық турнир "Қарашығанақ" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Оған алты жастан асқан ер балалар мен қыздар, сондай-ақ ересек спортшылардан барлығы 210 жас бақтарын сынға салды. Турнир Қазақстанда каратэ спортының негізін қалаушылардың – Жасталап Санауовты еске алуға арналды. Жасталап Санауовты еске алуға арналған 10-шы Қарашығанақ кубогы екі күнге жалғасты. Оған қатысуға ниет танытқандар көп болыпты. Жасталап Санауов олимпиада ойындарының бірі саналатын каратэның облыста дамуына зор үлес қосқан тұлға. Оның көптеген шәкірттері бүгінде әлемдік додада оқ бойы озық шығып жүр. Бұл шара дәстүрлі түрде әр жыл сайын өтеді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы таратқан мәліметке сүйенер болсақ, өңірде бұл спорт түрімен 300-ден аса адам шұғылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.