Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зашаған кентінің әкімі есеп берді

c 17:53, 29/01/2019 c 889

0:00 / 0:00

Алдымен шаһар басшысы  Мұрат Рахметұлы  зашағандықтарды босағадан аттаған жаңа жылқы жылмен құттықтады. Бұдан соң  Зашаған кентінің әкімі  Әділбек Қадыров кентте атқарылған істерді баяндады. Мәселен, аудан  кентінің аумағында 13 шағын аудан бар. Бүгінде өзін өзі жұмыспен қамтып отырған жандар да көбейіп келеді. Мәселен, 2018 жылы 5 жоба мақұлданып, кәсібін ашқандар қатары 12 пайызға артқан. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында да бірқатар жұмыстар атқарылған.Өткен жылы  кентте, 24 ауыл шаруашылық жәрменкесі өткізіліп, халыққа 500 тонна өнім арзан бағамен ұсынылған.  Құрлыс жұмыстары да қарқынды.Мәселен «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «7-20-25» мемлекенттік бағдарламалары аясында 34 көп қабатты үй бой көтерген. Сонымен қатар тұрғындар көптен күткен 5- ші мектеп те өткен жылы пайдаланылуға берілді.  Қосымша алдағы жылдары 3 білім ошағы бой көтереді деп жоспарланып отыр.Кент аумағында 172 көше болса, оның 5 еуінің жолына өткен жылы жөндеу жүргізілген.  Әкім есебінде тұрғындар суалдарына да кезек берілді. Көп жағдайда азаматтарды жер телімдерінің қашан  берілетіні туралы әлеуемттік мәселелерді көтерді.Сан сауалдың ішінде қар тазалу жұмыстары мен тұрмыстық қалдықтар салатын контейнерлер мәселе де толғандырды. Осы орайда шаһар басшысы Мұрат Мұқаев  быилығы жарты жылдықта 500 қосымша контейнердің алынатыны туралы мәлімдеді.  Өткен жылы  қала аумағындағы 29 аула аумағын абаттандыруға бюджеттен 485,0 млн.теңге қаражат бөлінген. Оның ішіндегі 2 аула аумағы Зачаганск кенті әкімдігі арқылы жүзеге асырылды. Осы жұмыстар арқылы қаламыздағы 46 үйді қамтитын 10 мың тұрғынға қолайлы жағдай туғызылған. Тұрғындар  тарапынан өткен жылы 50 ге жуық мәселе көтерілсе оның, 45 пайызы шешімін тапқан.  Игілікті істер биылғы жылы да жалғасатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.