Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ыссы тамақпен қамтылуда

c 17:01, 11/12/2019 c 673

0:00 / 0:00

Кешелі-бүгін Орал қаласында "Құқықтық тәртіп" ЖАШ аясында "Қысқы карта" атты акциясы өткізілуде. Яғни  шаһардағы үйсіз-күйсіз жүргендер есепке аланып, құжаттары жоғалтқандар анықталуда. Шара БҚО ПД-нің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.Орал қ.ПБ Жаппай қабылдап тарату орнына кеше 78 тұлға, бүгін түске дейін 35 белгілі тұрағы жоқтар жеткізілді. Қаланың әр аумағынан жиналған кезбелер дәрігер тексеруінен өтіп, олардың құқық бұзушылыққа қатысы бар жоғын анықтау мақсатында саусақ іздері алынды. Кейін жиналғандарға әйелдерді қорғау орталығының мамандары ыссы тамақ таратты.  Жиналғандар арасындағы тұлғалардың жағдайы әртүрлі. Бірінің үй- күйі жоқ болса, енді бірі белгісіз жағдайда құжаттарын жоғалтқан.«Қысқы карта" жедел алдын-алу шарасы алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ. Ал құжаттары жоқ азаматтар бейімдеу орталығына орналастырылып жеке басының құжаттары жинақталып, жұмысқа орналастыруға қарекет жасалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.