Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вахтадан ВИЧ жұқтырған

c 17:38, 14/08/2019 c 571

0:00 / 0:00

Төрт бірдей оралдық тұрғынның СПИД дертін жұқтырғаны анықталып отыр. Мұндай мұңды мәліметті облыстық СПИД орталығының мамандары растады. Аталған сырқатқа шалдыққан төрт тұрғынның төртеуі де Атырау аймағындағы ірі мұнай компанияларының бірінде вахталық үлгіде жұмыс жасаған. Яғни, ВИЧ індетін вахтадан жұқырған болулары мүмкін. СПИД-ке шалдыққандар статистикасына гомосексуалдар да "үлес қосып" отыр деп дәрігерлердің өздері айтып отыр. Қазір жұқпалы дерттің берілу жолдары да өзгерген.Қазір Элеонора басқа бір  азаматпен тұрмыс құрған, осы орталықтан уақытылы ем-домын алып тұрады. Кейіпкеріміз серігіңіздің денінің сау екеніне әбден көз жеткізбей байланыста болып, аяқтарын шалыс баспауға кеңес береді. Бүгінде айықпас дертке шалдыққан оралдықтардың саны 700-ден асады. Биыл ауруы асқынған бір науқас мезгілсіз көз жұмған. Қазір дерттің жұғу жолдары да өзгерген. Соның ішінде бей-берекетсіз жыныстық қатынасқа түсіп, зардабын тартқандардың қатары артқан. Олардың ішінде жылы жақта тынығуға үйір азаматтар мен вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер саны басым. Биыл Атырау қаласындағы ірі мұнай компанияларының бірінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін екі адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Шілде айында дәл сол өңірде жұмыста жүрген тағы екі азаматтың осы дертке шалдыққаны белгілі болды. Психологтар жағдайды ушықтырмау үшін алдын-алу жұмыстарын күшейту керек деп отыр. Мамандар адамның мүмкіндігінше жарты жылда немесе бір жылда тексеріліп тұрғаны жөн дейді. Қазір бұл іс барынша жеңілдеген. Экспресс-тест жүргізіледі, 10-15 минуттан кейін ауру әлде сау екеніңізді білетін боласыз. Ресми деректерге сенсек, 650 мың тұрғыны бар біздің облыстан жылына 40 адам айықпас дерті жұқтырады екен. Көбі науқас екендігін оқуға әлде жұмысқа орналасар кездегі дәрігерлік тексеруден өткенде ғана біледі. Ал мәжбүрлеп тексерсе, олардың саны еселеп көбейері сөзсіз. Бүгінде елде ғасыр дертіне шалдыққандардың саны 36 мыңнан асады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.