Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үкіметке уақыт берілді

c 20:46, 10/07/2020 c 550

0:00 / 0:00

Ел Президенті қауіпті індетке тойтарыс бере алмаған Үкіметке уақыт берді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырыс өтті. Онда елдегі эпидемиологиялық ахуал, қауіпті індетпен күрестегі кемшіліктер, жаһандық экономикалық дағдарыс мәселелері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен міндеттері қаралды.Бүгінде елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 54 мың науқастан артты. Бұған қоса өкпенің қабынуына шалдыққан науқастар тым артып отыр. Тоқаев қауіпті індеттің ушығуына жол берген Мамин үкіметі мен әкімдердің жұмысына көңілі толамйтынын айтты. Егер елдегі қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсармаса, Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселені қарастырам деді. Ал дәрі-дәрмек тапшылығына жол берген "СҚ-Фармация" басшыларын және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысын қызметтен босатып, тергеу жүргізуді бұйырды. Ел Президенті жиын барысында Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінетінін айтты. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету деді Тоқаев. Толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Елдегі індетпен күрестің нәтижесіз екендігін Президент үкіметке мойындатты. Қауіпті індетпен күресуде халық өзімен-өзі қалды. Дәрі-дәрмек тапшылығы орнап, бағасы шарықтады. Онсыз да карантин барысында табысынан айырылып отырған қара халық үшін індет жұқтыру қатты соққы болды. Ал халқыңа жақын бол деген ұран шенеуіктердің құлағына жетпей жатыр.Үкіметтің бүгінгі жиынында тек сын айтылды. Қашанда сабырлық танытатын  Президент Тоқаев ашуына мінді.Себебі, Мамин үкіметі мен әкімдер коронавирусқа тойтарыс бере алмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының іс-әрекеті тергеледі. Экс-министр Елжан Біртанов  жауапқа тартылатыны сөзсіз. Ал дәрі тапшылығына жол берген, пандемия барысында шетелдерден қайырымдылық көмекпен келген қыруар дәрінің халыққа жетпегені үшін «СҚ-Фармация" басшылары түгел жұмыстан қуылады. Әрекеттері тергеледі. Ендігі жемқорлықпен күрес агенттігі жұмысын бастап кеткен. Сондай-ақ, қамшының бір шеті  әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшыс Айбатыр Жұмағұловқа да тиді. Тоқаев қор басшысын жұмысынан шығаруды бұйырды. Соңғы кезде бұл қордың әрекетіне қатысты әлеуметтік желді ақпарат жиі тарағанды. Бүгін көпшілік күткендей өз жұмысын атқара алмаған  әкімдер мен министрлерді орнынан алып тасату болған жоқ. Бірақ Тоқаев Үкіметке уақыт берді. Егер елдегі қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсармаса, Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеуі сұрақ тудырады.

Бұған дейін бірқатар өңір  әкімдері сөгіс пен ескерту алғанды. Президент мемлекеттік органдардың барлық шешімі халыққа және ұлттық экономикаға арналуы тиіс екенін атап өтті. Орындаушылардың қателіктері, қағазбастылыққа жол беруі қарапайым адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығына зиян келтіргені айтылды. Тоқаев қазақстандық шенеуніктерде кез келген дағдарыс кезінде кәсіби білік танытып, жедел шешім қабылдау жетіспейтінін айтты. Бұған едйін Тоқаев, басшыларға өз бетінше батыл шешімдер ақбыладуға кеңес бергенді. Алайда, жоғары жаққа аузын ашып қарап отыратын әкімдер мен министрлер әлі сол әдетінен арылар емес.

Пандемия барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінетін болды. Тоқаев үкіметке коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтатып және науқастарды емдеу ісін жақсартуды жіті тапсырды.Сондай-ақ, Президент Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде  гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестеріне жүгінуге тура келді деп сынады. Ал бұрынғы  денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың  уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады деді. Министрдің науқастар саны бойынша  жасаған барлық болжамдары қате болғанды. Үкімет мүшелеріне пандемия кезінде денсаулық сақтау министрі ерекше мәртебеге және құзіретке ие екенін еске салды. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктер министрлікке қажетті мәліметті жедел беріп отыруы қажет деді. Жиын барысында Тоқаев елдегі жұмыссыздық мәселесіне де тоқталды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша  1 трлн теңге қаржы бөлінді.  Бірақ жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасқанын айтты. Яғни еңбек министрлігі мен өңірлер тиісті тапсырманы  толық орындай алмады. Айтпақшы президент Тоқаев жер дауына нүкте қойды. Алдағы жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады.

"Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", - деді Тоқаев.Сондай-ақ, жаңа оқу жылына дайындық мәселесі де сөз болды. Білім министрлігіне қашықтықтан оқытуға дайындықты мықтауды тапсырды. Президенттің мәліметінше, қашықтықтан оқыту барысында еліміздегі мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарады. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің шикі жұмысы.  Мектептер мен мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауды тапсырды. Ал жыл соңына дейін шалғайдағы  250 мыңнан астам тұрғыны бар аулыдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуді жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.