0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында ауызсуды залалсыздандыруға арналған жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру әрекеті анықталды. Қаржылық тергеу департаменті «Батыс Су Арнасы» мекемесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама қорытындысына сәйкес, жабдықтардың құны нарықтағы бағадан 421 миллион теңгеге қымбат көрсетілген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Лауазымды тұлғалар ұсталған жоқ. Қаржылық тергеу департаментінің хабарлауынша, бұл іс мекеменің негізгі жұмысына, соның ішінде қызметкерлердің жалақы төлеуіне әсер етпейді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.







