Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұралап тұрған туризм

c 16:05, 10/08/2020 c 462

0:00 / 0:00

Коронавирус пандемиясынан көптеген бизнес тоқырап, қиын кезеңді бастан кешуде. Солардың бірі- туризм саласы. Вирус таралған шақта әлемде көптеген ел шекарасын бекітіп, бөгде адамдардың келуіне тыйым салынды. Енді эпидемия шарықтау шегіне жетіп, науқастары азайған елдер қайтадан барлық санитария талаптарын орындау керек деген талап қойып, туристтерді қабылдауға рұқсат беріп жатыр. Бірақ қазақстандық туристтерді әзірге ешбір ел қабылдауға құлықсыз. Бұған себеп күшейтілген карантин талаптарының енгізілуі. Әлемдік пандемиядан ауыр соққы алған туризм саласы бүгін қалай күн көріп отыр?

Әлемдік пандемияға дейін барлық әл-ауқаты келген жандар шетелге саяхаттап, ел көріп, теңізге шомылып, демалатын еді. Бірақ 2020 жылдың қаңтар мен ақпанынан бастап жағдай күрт өзгергені мәлім. Қазір туризм саласы тоқырап тұр. Оралда жұмыс жасайтын туристтік агенттіктің басшысы алғашында Оңтүстік Азия елдеріне арналған саяхат болмай, тұтынушыларға қаражаттарын қайтарып берген. Тіпті шекара жабылып, саяхатқа аттанған оралдықтарды кері елге қайтарған жағдайлар болыпты.

Шетелге саяхаттардың болмауынан туристтік компаниялар шығынға шаш етектен батқан. Мамандар мемлекеттің берген өтемақысын алып, жан бағып отырмыз дейді. Туристтік компанияның барлық қызметкерлері төленбейтін демалыста.

Күшейтілген карантин талаптары аяқталғасын өзге елдер шекарасын ашып, қазақстандықтарды қабылдауға дайындалмақ. Карантин біткесін Араб әмірліктері мен Мысырға әуе қатынастарын реттеуге болады. Енді шетелге саяхатқа деген сұраныстың туындауы өзекті мәселеге айналмақ.

Сурет ғаламтордан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.