Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

c 19:44, 01/12/2021 c 1324

0:00 / 0:00

Оралда Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті. Мерекелік сазды бағдарламаға қаламыздағы өнер майталмандары қатысып, Елбасы Н. Назарбаев қақында сыр шертілді. «Атамекен» өнер ордасында жиналған халықтың қарасы көп болды.Мерекелік басқосуда алдымен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының студенттік өмірі мен жастық шағынан сахналанған қойылым көрсетілді. Өңір өнерпаздары ән салып, би биледі. Оркестрдің сүйемелдеуімен дәстүрлі әндер шырқалды. Күмбірлете күй тартылды.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Атамекен» өнер ордасындағы мерекелік іс-шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Елбасының ерен еңбегі, дара жолы мен өмірлік ұстанымы, сондай-ақ егемен еліміздің дамуы жолында қосқан үлесін атады.Еліміздің сан ғасырлар бойғы арман-үмітін ҚР Тұңғыш Президенті жүзеге асырды. Тәуелсіздігімізді алып, зайырлы мемлекет атандық. Меркелік көңіл-күймен жиналған халықтың көңілі көтеріліп тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.