Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туған күніңмен Нұр-Сұлтан!

c 20:42, 06/07/2020 c 694

0:00 / 0:00

Бүгін еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанның туған күні. Алайда, биыл қала күні жылдағыдай аста-төк болып тойланып жатқан жоқ. Себебі елдегі қауіпті індеттің таралуына қатысты карантиндік шаралар енгізілген. Халықтың жаппай жиналуына шектеу қойылған. Осылайша, қала әкімдігі әу баста жоспарланғандай, туған күнді атап өту шараларын тоқатып тастады. Тек онлайн режимде мерекелік концерт пен от шашу болады. Мұны қазақстандықтар тікелей эфирден тамашалай алады.

Еліміздің бас қаласы, әсем қала-Нұр-Сұлтанның туған күні биыл қарапайым түрде аталып өтуде. Айта кету бүгін сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні. Елбасы мерейлі 80 жасқа келіп жатырр. Алайда,елдегі эпидемиологиялық ахуал той тойлауға мүмкіндік беріп отырған жоқ.  Өткен жылы қала күнін тойлауға 300-400 млн теңге жұмсалған. Ал биыл әкімдік туған күнді еш шығынсыз өткізуде. Әкімнің баспаөсз хатшысының хабарлауынша, биыл қала күні онлайн режимде аталып өтуде. Елдегі ахуалға қатысты, бұған дейін жоспарланған мерекелік шаралардың барлығы тоқтатылды. Нұр-Сұлтанның туған күніне арналған мерекелік концерттің өзін қазақстандықтар кешкісін  онлайн режимде тікелей эфирден тамашалайды. Ал жылдағы дәстүр бойынша от шашу болады. Сондай-ақ, бүгін түнгі 23:00 қала күніне арналған от шашуды елордалықтар қаланың бірнеше жерінен тамашалай алады. Ең бастысы санитарлық нормаларды сақтау қажет дейді Ақмарал Олжабаева.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қаланың туған күніне биыл ешқандай қаржылай шығын қарастырылған жоқ. От шашудың өзі демеушілердің қолдауымен жасалып отырған көрінеді. Осылайша,  биыл қала күні жылдағыдай аста-төк болып тойланып жатқан жоқ. Қазақстандықтардың елордаға ағылып келуі, халықаралық фестивальдер, сансыз мерекелік шараларды қала көшесінен көрмейсің. Нұр-Сұлтан  кезекті туған күнін қарапайым түрде атап өтуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.