Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түбіртекті талап ет те, автокөлік ұтысына қатыс!

c 17:55, 12/10/2018 c 577

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті осындай акция жариялап отыр. Осылайша азаматтар салықтық заңнаманы сақтау бойынша қооғамдық бақылауға қатысып, тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғауда құқықтық мәдениет қалыптастырмақ.

Кез-келген сауда орнында сатушыдан түбіртекті талап етуге әр тұтынушының құқығы бар. Ол азаматтарға өз мүдделерін қорғауда да қажет болмақ. Мәселен, тауар немесе өнімді сатып алып, ол сапасыз болып шықса, қолында түбіртегі жоқ тұтынушының өз құқығын қорғауда дәйегі болмайды. Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың мемлекеттік кірістер департаменті жұмысына да пайдасы зор.

Бас жүлдеге тігілген темір тұлпар ұтысы келе жылы ойнатылады. Акцияға қатысу үшін Wipon мобильді бағдарламасын өзіңіздің ұялы телефоныңызға жүктеп, сатушыдан алған фискальді түбіртектің суретін жіберуі керек.

Ел экономикасының дамуында көлеңкелі бизнеске жол бермеуге атсалысып, сондай-ақ бағалы ұтыс ойнына қатысамын десеңіз "Түбіртекті талап ет!" акциясынан қапы қалмаңыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.