Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тоқаевтың президент болатынын болжаған адам: "Бес сағат бойына сұрақ қойды"

c 12:09, 01/10/2019 c 967

2000-шы жылдардың басында Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр болды.

Сурет : Ақорда

Белгілі ресейлік дипломат Евгений Бажановөзінің ескі досы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы болатынын осыдан бірнеше жыл бұрын болжағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2000-шы жылдардың басында Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр болды. Ол осы кезде Ресейдің сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында докторлық диссертация қорғаған. Өзінің жоғары лауазымына қарамастан, Тоқаев Мәскеуге сұқбаттасуға барған. Жоғары аттестациялық комиссия мүшелері осындай талап қойған екен.

"Тоқаевқа бес сағат бойы түрлі сұрақ қойылды. Қасым-Жомарт керемет жауап берді. Ол әңгімелесудің бірнеше сағатқа созылғанына қысылған жоқ", - деді Бажанов Sputnik Қазақстан-ға берген эксклюзивтік сұқбатында.

Сұрақ-жауап кезеңі сәтті аяқталған соң, Тоқаев пен Бажанов Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің қабылдауына барған.

"Мен Тоқаевтың ғылыми жетекшісі ретінде сөз сөйледім. Дипломатиялық академияда диссертация қорғағандардың бәрі тамаша карьера жасайтынын (академияның бірқатар түлегі мемлекет басшысы болған) айттым. Қасым-Жомарт Кемелұлы - Қазақстанда екінші адам. Ары қарай өсетін мүмкіндік жоқ. Өйткені мемлекет басшысы – қазақ халқының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевқа Біріккен ұлттар ұйымына бару керек деп айттым", - деп еске алады Бажанов.

Бұл сөздерден кейін үстелде отырғандардың жартысы тұрып кеткен. "Тоқаевтың көмекшісі ол кісілердің бәрі Назарбаевтың қабылдау бөлмесіне хабарласып жатқанын айтқан. Сондықтан Қасым-Жомарттың алдағы карьерасының не болары белгісіз еді. Бұл тілектің ешбір астары болмағанын айтып едім, ешкім тыңдамады", - дейді Бажанов.

Ең қызығы, бұдан кейін Тоқаев расында да Біріккен ұлттар ұйымына жіберілді. Ол БҰҰ еуропалық бөлімшесінің бас хатшысы-жетекшісінің орынбасары болды.

"Бұл кездейсоқтық па, әлде менің тілегімнің қатысы бар ма білмеймін. Бірақ сол тілектен кейін түні бойы ұйықтай алмадым. Өзім білмей, Тоқаевқа зиян келтірдім бе деп уайымдадым", - деді ресейлік дипломат.

Евгений Бажановтың Тоқаевпен достығы 40 жыл бойы жалғасып келеді.

Сілтеме көзі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.