Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырды

c 20:15, 16/08/2019 c 658

Сондай-ақ Президент ҚР Білім және ғылым министрлігіне табысы аз немесе қиын жағдайда жұмыс істейтін отбасылары балаларын оқу бағдарламасынан қалыс қалуын еңсеру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп, оны іске қосуды тапсырды.

Сурет : Ақорда16 Тамыз 2019, 12:23

Қазақстан Президенті мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

- Мұғалімдердің жалақысы мардымсыз еңбекақылардың бірі болып қалып келеді, экономикалық көрсеткіштер бойынша орташа жалақының ол 65 процентін құрайды. Үкіметке алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент ҚР Білім және ғылым министрлігіне табысы аз немесе қиын жағдайда жұмыс істейтін отбасылары балаларын оқу бағдарламасынан қалыс қалуын еңсеру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп, оны іске қосуды тапсырды.

Мектепте тіл оқыту мәселесіне тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев:

Елбасы "Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын, деді.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мұғалімдердің тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Сілтеме көзі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.