Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тазалық жұмыстары

c 12:54, 25/03/2020 c 525

0:00 / 0:00

Оралдық қоғамдық көліктердің баршасы арнайы дезинфекциядан өтетін болды. Қалалық әкімдік жұқпалы вирустың таралмауы үшін арнайы компаниямен келісімшартқа отырып, автобустарда тазалық жұмыстары қолға алынды. Сала мамандары диахлормен темір тұлпардың әйнегі мен отырғыштарын сүртеміз деп отыр.

Елімізде төтенше жағдай аяқталғанша оралдық қоғамдық көліктерде толықтай дезинфекциялық жұмыстар атқарылатын болады. Әкімдік қызметкерлері арнайы тазалық жұмыстарын жүргізетін компаниямен келісімге келіпті. Енді барлық автобус жұмысын аяқтағасын, арнайы дезинфекциядан өтеді.

Сала мамандары қоғамдық көлікте дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін диахлорды пайданалатындығын айтады. Осы арқылы теміртұлпардағы барлық микроағзалардың көзі жойылады. Бұл дәрінің адамға еш зияны жоқ. Компания өкілдері таңертең линияға шыққан автобустың жүргізушілері мен кондукторлары кезекті тазалық жұмыстарын жүргізетіндігін айтады.

Сала мамандары автобустың іші лас болып, тазалық жұмыстары жүргізілмеген деректерді байқаған бойда, 109 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.