Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқаланың жағдайы

c 17:56, 07/02/2019 c 548

0:00 / 0:00

2019 жылы Тасқала ауданында 320 орынға арналған дене шынықтыру кешені салынады. Бұл жағымды жаңалықты аудан әкімі хабарлады. Жыл сайын бұқара халықтың алдында есеп беріп жүрген әкім өткен жылды түйіндеп, биыл атқаратын жоспарларымен бөлісті. Алдияр Халеловтың келтірген дерегіне сүйенсек, аудан халқының 94,7 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда Тасқала ауылының су құбыры тартылмаған көшелеріне құбыр тарту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, Мереке мен Қалмақ ауылдарының су құбырын қайта құру жұмыстарын жүргізуге конкурс жариялап та үлгерген.

Тасқалалықтар үшін өткен жыл табысты болғандай. Көп жылдан бері аудан халқы соқпақ жылдың зардабын тартып, облыс орталығына қатынай алмай отырғаны есімізде. Осыдан үш жыл бұрын Орал мен Ресейдің Озинкиін жалғайтын тас жолдың құрылысы басталып, өткен жылы тақтай жібі түзу тас жол азаматтарға салтанатты түрде табысталып еді. Ендігі міндет осы тас жолдың бойына азаматтарға қызмет көрсететін түрлі демалыс орындарын салып, ауданның экономикасына инвестиция тарту. Аудан әкімі бүгінгі күннің міндеттері мен келешектегі жоспарларын ортаға салған еді. Әкімнің келтірген дерегіне сүйенсек, аудан халқының 97 пайызы көгілдір отынмен қамтылыпты. Халықтың өмір сапасын арттыру үшін ең басты мәселе ауыз сумен қамту.

Биылғы жылы аудан көлемінде орналасқан 5 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жобалалардың баршасы қаржыландыру мәселесін шешуді күтіп отыр. 5 білім ошағының жөнделуі үшін 911, 9 млн теңгедей қаражат керек. Аудан әкімінің есеп беру кездесуіне жиналған азаматтар тозығы жеткен білім беру нысандарын жөндеп беру мәселесін ортаға салып, мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығын тілге тиек етті.

Аудан тұрғындары көтерген мәселелердің бірі шаруаларға арналған арзан бағамен саудаланатын -жанар-жағармай мәселесі. Ауылдық кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауында қағазбастылық көп. Тиісті қағазды жинақтаймын деп шауып жүрген кезде, шығынның мөлшері аудандағы жанар-жағармаймен теңеседі,- дейді.

Аудан әкімінің есебін мен азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдаған облыс әкімі Тасқалалықтардың сауалына үн қатып, қордаланған сауалдарына жауап беріп, еліміздің аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

2019 жылы Тасқала ауданында 320 орындық дене шынықтыру кешені салынады. Бұл үшін қазынадан 706 млн теңге бөлінбек. Бұдан өзге аудан әлеуетін дамыту үшін 5000 басқа дейін мал бордақылайтын алаң мен құс фабрикасын ашу жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.