Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқаланың Астанаға тартуы

c 12:36, 25/08/2018 c 929

0:00 / 0:00

Бар қазаққа тəж болған айбынды Астана. Осындай атаумен кеше кешкілік шаһарымыздағы Қадыр Мырза Əлі атындағы мəдениет жəне өнер орталығының анфитеатрында концерт болып өтті. Атаулы шара биылғы Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына облысымыздағы Тасқала ауданының мерекелік тартуы. Мерекелік шараға жиналған қала тұрғындарына аудан өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, əн мен күйден шашу шашты.Көрермендерге үлкен əсер сыйлаған концертті біздің тілшілеріміз де барып тамашалады.

Ағымдағы жылы мемлекет көлемінде аталып өтіп жатырған айтулы мерекелердің бірі Астана қаласының 20 жылдығы. Елорда мерейтойын елдің тойы деп қабылдаған халқымыз Астана күнін жоғарғы деңгейде елдің әр өңірінде атап өтуде. Соның бірі осы бүгінгі Тасқала ауданының Астанаға концерттік тартуы.

Кешкілік ашық аспан астында өткен мерекелік шараға шаһар тұрғындары да күннің салқындығына қарамай жақсы жиналды. Жиналған жұртшылыққа аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй мен айықпас әсер сыйлады.

Жаз бойына әр ай сайын аймағымызға қарасты он екі ауданның мәдениет өкілдері осындай концерт қойып Астана қаласының 20 жылдығын мерекеледі. Өз кезегінде тасқала ауданының өнерпаздары ұсынған мән маңызы зор мерекелік шараны жиналған жұртшылық тұшына тамашалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.