Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқала ауданында ашық әкімдік ашылды

c 16:30, 20/08/2020 c 581

0:00 / 0:00

БҚО Тасқала ауданында ашық әкімдік алаңы ашылды. Ол жерде 38 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады. Бүгін ашық әкімдіктің ашылу салтанатына БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.Тақырыпты тілші тарқатсын.

Тасқала ауданында ашық әкімдік алаңы ашылды.Ашық әкімдіктің ашылу салтанатына БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінің бастығы Рустам Ақмырзаев қатысты.Тасқала ауданының әкімі аудандық әкімдік тарапынан жасалған игі істерге тоқталып, жұмыстармен таныстырды.Бұл жерде 5 бөлімнің мамандары отырады. 30 - дан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Ашық әкімдік алаңын ашудағы мақсат әкімдіктердің ашықтығын қамтамассыз ету. Әсіресе жер қатынастары, тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары әрдайым халыққа қол жетімді болуы керек.Ашық әкімдік алаңы жанынан өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы да ашылған.Бұл бұрышты ашудағы мақсат адамдар өздеріне қажетті анықтамаларды осы жерден алуды қамтамссыз ету.

Ашық әкімдік жанынан арнайы бөлме де дайындалған.Ол жерде аудан әкімі келгендерді жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.