Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Таныс болыңыз, бұл - сіздің полиция!

c 14:39, 04/10/2019 c 930

0:00 / 0:00

БҚО - да қыркүйек айының 15 күні "Участок" жедел профилактикалық іс шарасы басталды.Осы шара кезінде облыстың барлық учаскелік полицейлері үй - үйді аралап, халықпен жақын танысып, әрбір тұрғынды электронды журналға тіркейтін болады.Бұл шара желтоқсан айының 10- жұлдызына дейін жалғасады деп жоспарланған.
Бүгінде Орал қаласында 84 учаскелік полицей бар. Олардан бөлек 20 полицей көмекші қызметін атқарады.Жалпы облыс бойынша учаскелік полицейлердің тапшылығы сезіледі.Себебі қала аумағы жыл санап үлкейіп келеді, шағын аудандар бой көтеріп, тиісінше халық саны да артып отыр.Бүгінгі таңда БҚО бойнша 76 учаскелік полицей жетіспейді.Ал, қазірге осы құрам қаладағы негізгі тәртіп пен тыныштық үшін жұмыстанып жүр.Енді осы учаскелік полицейлерді халықпен етене жақын танысу мақсатында аталған шара бастау алып отыр.
Полиция қызметкерлерінің ішіндегі халыққа жақыны осы учаскелік полицей. Бүгінде қала бойынша 67 учаскелік полиция жетіспейді.Қаладағы полицейге артылар жүк те ауыр.Себебі қалада адам көп, үйлер де жетеді.Тиісінше құқық бұзушылықта жиі тіркеледі.Ал, әр қала тұрғыны өз учаскелік полицейін білу керек.Сол себептен де жергілкті полиция қызметінің бастығы подполковник Қоспаев рейдтік шараға шығып, әр үйді аралап, сол аймақтың учаскелік полицейлерін халыққа таныстырды.
Рейд барысында полицей қызметкерлері есепте тұрған адамдармен де жеке жұмыс жүргізетін болады.Әсіресе мекен тұрағы жоқ кезбелер де назардан тыс қалмайды. Шара желтоқсан айының 10 - жұлдызына дейін жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.