Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тамақтану саласының өкілдері санитар дәрігермен кездесті

c 16:53, 17/03/2022 c 449

0:00 / 0:00

Келесі жылы кәсіпкерлік саласына енгізілген мораторий уақыты аяқталады. Осы орайда жергілікті қоғамдық тамақтану саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер санитариялық салаға қатысты бекітілген бірқатар  қағидаларды қайтадан қарау керек деп есептейді. Кәсіпкер Ляна Тұрсынованың айтуынша, бекітілген ережеде асхана ыдыстарының қайда қойылатыны айтылмаған. Сонымен қатар арнайы киім формасына да қатысты бірқатар түсініксіз тұстар бар. Бұл орайда ереже бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі аз емес.Іскер әйелдер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, мектеп асханасындағы ережерлерде кемшін тұстар көп. Тамақты сақтайтын, оның ішінде сусындарды қоятын мұздатқыштағы ауа температурасы мен бөлме температурасын қайтадан қарастыру керек. Атап айтқанда мектеп оқушысына берілетін сусындар- кисель мен сок -16 градуста сақталуы керек. Ал бұл бала денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін. Суық тию ықтамалдығы жоғары. Бөлме ішінде нақты бір температураны ұдайы ұстап отыру мүмкін емес. Осы және өзге де толғандырған сауалдарын ортаға тастаған 20-ға жуық іскер әйел басқосуда аталмыш қағидалар жан-жақты қаралуы тиіс екенін айтты.Ал кәсіпкерлік саласына жарияланған мораторийдің уақыты ұзартыла ма, жоқ па ол жағы әлі белгісіз. Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері министрлік қандай да бір шешім шығармас бұрын сала өкілдерімен кездесіп олардың пікірімен санасуы керек деп есептейді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.