Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сұранысқа сай маман даярлау

c 20:16, 28/08/2019 c 738

0:00 / 0:00

Сұранысқа сай маман тапшы. Бүгін еңбек министрлігінде өткен ұлттық кеңесте салалық кәпістік стандарттарды әзірлеу, нарыққа қажетті мамандыққа оқыту, біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың мәліметінше, 12 сала бойынша 36 салалық  біліктілік шеңберін және 480 кәсіптік стандарт әзірлеу міндеті тұр.

Мәтін. Басты мәселе - мамандардың сапасын, біліктілігін арттыру, экономкиа нарығына қажетті  кәсіби деңгейі жоғары мамандар дайындау. Заман талабына сай, маманға қойылатын талап та өзгеріп жатыр. Технология дәуірінде кей мамандықтар қажетсіз болуда. Ал адамдар жұмыссыз қаламу үшін, оларды қайта оқыту, сұранысқа ие мамандық дайындау мәселесі бүгінгі күннің басты талабына айналды. Ұлттық кеңеске жиналғандар осының жолын талқылады.

Еңбек министрлігі нарық талабын қамту үшін, жұмыс берушілермен, білім беру орындарымен бірлесе отырып қажетті мамандарды оқытуды қолға алған. Биылдың өзінде екі бағытта жұмыс басталмақ. Жыл соңына дейін экономиканың 12 басты саласы бойынша кәсіптік стандарттар әзірлеу жұмысы басталып та кетті дейді министр.

Осылайша, нарыққа қажетті кәсіби деңгейі жоғары маман тапшылығын жоюға кіріскен құзырлы органдар бұл саладағы жұмысты күшейтпек. Ендігі Білім министрлігі орта кәсіптік білім деңгейінде қолдану үшін 350 кәсіптік стандарт әзірледі. Ал Еңбек министрлігі мен "Атамекен" ҰКП үйлестіруімен 70-тен астам кәсіптік стандарт даярлаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.