Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су басу қауіпі жоқ

c 17:15, 31/03/2021 c 431

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Ғали Есқалиев тасқынға бейім аумақтардың жай-күйін тікұшақпен жоғарыдан бақылады. Облыстағы су басу қауіпі бар аудандардың бірі - Тасқала. Ауданды екіге бөліп жатқан Деркөл өзенінде әлі мұз ерімеген. Деседе тілсіз жаудың алдын-алу мақсатында қажетті шаралар орындалыпты. Ауыл ішінде су басу қауіпі бар бірнеше орын бар. Тасқаладан бөлек су тасқыны болуы ықтималдығы жоғары Шыңғырлау мен Ақжайық аудандары. Шыңғырлаудың далалық жерлерінде қар толықтай ери қоймаған, ал Ақжайықта ақ ұлпа жоқтың қасы. Өңір басшысы Ғали Есқалиев алдағы күндері де осы елді-мекендерге тағы іс-сапармен баратынын, көктемде болар тілсіз жау қауіпі сейілмей, жағдай бақылауда екенін жеткізді.Облыста тарансшекаралық өзендерде шамамен сәуір айының алғашқы он күндігінде сең жүреді деген болжам бар. Деседе төтеншеліктер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіпті. Күн сайын арнайы бақылаулар жүргізіледі. "Сәуір болмай тәуір болмайды" демекші, синоптиктер ауа-райы сәуірде жылынады деп болжам жасауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.