0:00 / 0:00
Су айдындарында ата-анасының бақылауынсыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ескертеді. Жаз мезгілі басталғалы өңірде бірнеше адамның суға кету дерегі тіркелген. Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарын елемеу мен балаларды қараусыз қалдыру салдарынан орын алады. Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы тілшіміз баяндайды.










