Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Студенттер пара берген

c 17:30, 19/04/2019 c 988

0:00 / 0:00

ЖОО-да көбіне жемқорлыққа - рейтинг, сынақ, емтихан тапсыру кездері, дипломдық жұмысты қорғау, гранттар мен жеңілдіктерді бөлу, диплом «сату», диссертация, жоба қорғау кезінде жол беріледі. Бұған қоса, ҚАЗИИТУ мен БҚИТУ студенттері жатақханаларда орындарды бөлуде және бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жағдайларында пара бергендерін көрсеткен. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж респонденттерінің 16,6 пайызы, Құрманғазы атындағы музыкалық колледжден мен 14,4 пайызы оқуға түсерде, Жоғары техникалық колледж 23 және педагогикалық колледждің 26 пайызы оқу процесі барысында жемқорлыққа тап болғанын жасырмаған. Ал оқуға түсерде музыкалық колледж студенттері 150 мың теңге көлемінде, ал «Еуразия» колледжіне 20 мың теңге пара берілгенін көрсетіп отыр. «Мақсат» медициналық колледжі бойынша химия, дене шынықтыру және отолорингология пәндері жемқорлықпен байланысты делінген.Студентердің бірқатары жоғары білім беру жүйесіндегі жемқорлықты жою мүмкін емес десе, енді бірі мұндай ақпараттан хабарсыз екенін айтады.Сондай-ақ студенттер оқу орындарында жемқорлық деңгейін төмендету үшін оқытушының жалғыз емтихан қабылдауын болдырмай, комиссияның қатысуымен ғана жүргізуді, компьютерлік тестілеу түрінде емтихан қабылдауды және оқытушылардың еңбекақысын ұлғайтуды ұсынған

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.