Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорттық нысан пайдалануға берілді

c 13:06, 04/12/2018 c 796

0:00 / 0:00

Тұңғыш Президент күні оралдық спортшылар үшін де қуанышты болды. Бұл күні қала іргесіндегі Деркөл ауылында 700 шаршы метрлік, облыс орталығының Егізбаев көшесінде аумағы 453,7 шаршыметрлік спорт кешендері пайдалануға берілді.

Мұнда халықтың түрлі бұқаралық спорт түрлерімен айналысуына барлық жағдай жасалған. Мәселен, «NARYN» спорттық-сауықтыру кешенінің екі деңгейлі ғимаратында волейбол, баскетбол алаңдары, би залы, үстел теннисі жабдықталған.Кешен пайдаланылуға берген алғашқы күннен-ақ  бірнеше спорттық жарыстардың алуа жанды, яғни,  тұңғыш Президент күніне орай мұнда үстел теннисінен ерлер, мемлекеттік қызметкерлер және тірек-қимыл жүйесі зақымданғандар арасында үстел теннисінен республикалық ашық турнир басталды. Айта кетейік, Орал қаласы аумағында бұған дейін 7 спорттық-сауықтыру кешені спортсүйер бұқараға қызмет ететін. Бүгін олардың саны 9-ға жетті. Мұның бесеуі – мемлекеттік болса, төртеуі – жекеменшік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.