Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорттағы олқылық

c 16:48, 22/11/2019 c 840

0:00 / 0:00

Орал қаласында 15 жыл бойы жұмыс жасаған "Жайық самалы" бассейінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай отыр. Аталмыш нысан жоспар бойынша қыркүйек айында пайдалануға берілуі керек еді. Нысанды күрделі жөндеу үшін мемлекет қазынасынан 181 млн теңгедей қаражат бөлінген.

Осыдан 15 жыл бұрын облыс орталығында ашылған бассейн биыл күрделі жөндеуге жабылған болатын. Мердігер компания жөндеуді бес ай жарым уақытта аяқтауы тиіс еді. Алайда, көпшілік асыға күткен нысан әлі күнге дейін халықтың игілігіне тапсырылмай отыр.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысанның директоры бірнеше олқылық түзетілмегесін бассейнді қабылдай алмай отырмыз деген шағымын айтады. Басшы балалардың жаттығудан соң, жуынып, киінетін бөлмесі арнайы қапталса да салқын,- дейді. Норматив бойынша аталмыш бөлмелерде 28 градус ыстық болуы керек. Бөлменің салқындығынан бөлек нысанда бірнеше мәселе өз шешімін таппай келеді.

Қазіргі таңда бассейіннің күрделі жөндеуіне тапсырыс берген тарап мердігер компанияны сотқа берген. Нысанда бес ай бойы күрделі жөндеу жүргізген мердігер компания басшысы жұмыс 100 пайызға орындалды. Келесі жұмада нысан тапсыруы керек,- дейді. Мердігер компанияның өкілдері жобалық-сметалық құжаттарын даярлау барысында бассейннің арнайы құрылғыларын алмастыру көрсетілмегін айтады.

Бассейннен бөлек БҚО жас спортшыларды баптайтын білікті кадр тапшы. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, жақында ғана құрылысы аяқталып, бұқараның пайдалануына берілген Ақсай қаласындағы спорт сауықтыру кешенінде жеңіл атлетиканы дамыту үшін барлық жағдай жасалғанымен оны іске асыратын маман жоқ.

Жақында әлеуметтік желіде спорт басқармасының ұлттық спорт мектебінде есек асырап отырғаны туралы жазба жарияланған болатын. Осы мәселені басқарма басшысынан сұрап көрдік.

Спорт дамыту үшін ең әуелі барлық стандарттарға сәйкес келетін инфраструктура керек. Биыл Жаңақала мен Жәнібек аудандарында спорт кешендерінің құрылысы басталған. Келесі жылы 5 ауданда спорттық нысанның іргетасы қаланбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.