Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Спортшыларды ынталандыратын қаржы төленбей келеді

c 16:58, 27/10/2021 c 1402

0:00 / 0:00

4 айдан бері оралдық шорттрекшілер ай сайын тағайындалатын шәкіртақыларын ала алмай отыр. Спортшылар қаражатты кешіктіріп төлеу мәселесі биылдыққа жиі қайталанғанын айтады.

Ұлттық құраманың сапында өңір мен ел намысын қорғап жүрген спортшылар ай сайынғы шәкіртақыларын ала алмай келеді. Демеу қаржының кешіктіріліп жатқанын шорт-трекшілердің бірі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, күйінді. Спортшылар қаржының төленуіндегі іркілістердің биыл басталғанын айтады.

Спортшыларға төленетін демеу қаржының неліктен кешіктіріліп жатқанын білу үшін облыстық басқармаға бас сұқтық. Мамандар бұл қаражат 2017 жылдан бастап ұлттық құрамаға еніп, жарыстарда жеңіске жеткен спортшыларға төленетінін айтады.

Спортшыларға төленетін демеу қаржының неліктен кешіктіріліп жатқанын білу үшін облыстық басқармаға бас сұқтық. Мамандар бұл қаражат 2017 жылдан бастап ұлттық құрамаға еніп, жарыстарда жеңіске жеткен спортшыларға төленетінін айтады.

Биыл спортшыларды ынталандыру үшін деп басқарма есебінен 106 млн теңгедей қаражат бөлінген. Алайда бұл қаржы тек спортшылардың екі кварталдық ақысын төлеуге ғана жеткен. Мамандар қаржы тапшылығына байланысты төлемдердің барлығы тоқтап тұрғанын айтады.

Спорт басқармасы демеу қаржының барлығы 10-қарашаға дейін толық төленеді деп сендірді. 2021 жылдың екінші кварталындағы дерек бойынша облыстың 246 спортшысы ұлттық құрамының сапында екен. Өткен жылы 239 спортшы ел құрамысының атынан спорт сайыстарына қатысқан.

Сурет https://olympic.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.