Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорт жаңалықтарына кезек берсек!

c 00:00, 23/02/2015 c 660

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласындағы "Жастық" мұз айдынында допты хоккейден ҚР екінші қысқы ойынның ашылу салтанаты болып өтті. Бұл жарысқа қатысып, өз шеберліктерін білдіру мақсатында барлық еліміздің қалаларынан спорт майталмандары жиылған болатын. "Допты хоккейден республикалық жарыстың Жайық төрінде өтуі тектен тек емес",- дейді ұйымдастырушылар. Оған басты себеп еліміз бойынша аталмыш спорттың түрі біздің өңірде кең көлемде дамыған көрінеді. Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанаты барысында жасөсіпірмдер және жастар спорт мектебінің шәкірттеріне 20 жаңа хоккейлік киімдер мен құралдарының жинақтары жас спортшыларға табыс етілген еді. Енді соның арқасында мұз үстінде жаңа қадам басқан балалар допты хоккеймен толықтай айналысуға мүмкіндік алды. Жалпы аталмыш жарыс жетілікке созылып, осы күндер аралығында командалар арасынан мықтылары анықталмақ. Жанкүйерлердің құлағына алтын сырға допты хоккейдік соңғы ойыны 26 ақпан күні оздырылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.