Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс жұмыстары аяқтала келді

c 15:49, 09/10/2019 c 640

0:00 / 0:00

БҚО-дағы жас спортшыларға арналған мектеп интернаты қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінде нысанның құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Насанның ірге тасы 2017 жылы құйылған болатын. Аталған спорт кешенінің құрылысын «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Мектепке қоса бұл орында жатақхана да салынуда. Кешенде жалпы дайындық залы, күрес залы мен волейбол, баскетбол, гандбол ойындарына арналған үш зал бар. Және халықаралық стандарттарға сай футбол алаңы да жасақталған. Деркөлдегі спорттық кешен жұмысына 80 жұмысшы тартылған. Спорт мектебінде 7-11 сынып аралығындағы дарынды балалар қабылданады деп күтілуде. Әр сыныпта 24 жас спортшы білім алмақ. Мектеп интернаты 2 аусымда 500 баланы қабылдайтын болса, интернатта 150 бала жатып білім алуына мүмкіндік жасалған. Бұл нысандар пайдаланылуға берілген жағдайда 12 мыңнан астам тұрғынның спортпен айналысуына жағдай жасалады. Әзірге спортпен тұрақты шұғылданушы дарынды балғындар шаһардың әр жерінде орналасқан спорттық нысандарда жаттығу шараларын өткізіп жүр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.