Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Сөз сарайынан маржан терген - Қадыр» Осындай атпен, облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханада Астана, Алматы қалаларындағы орталық кітапханалармен онлайын отырыс болып өтті

c 00:00, 09/04/2015 c 806

0:00 / 0:00

Жергілікті Жымпиты өңірінде туып, түлеген, қазақ әдебиеті әлеміне құбылыс болып еңген, қазақтың - Қадыр атты есімді иеленген сөз сүлейінің, туғанына 80-жыл толуына арналған мерейтойының тойлануы да, үстіміздегі жылы өңірімізде қызу қолға алынуда. Бірақ, қаламдас қарындасы Ақұштап Бақтыгерееваның айтуынша Қадыр тойы жыл бойы еліміздің бар аймағы мен әр ауылында тойлануы тиіс. Себебі Қадыр-күллі қазақтың ақыны, тек бір біздің батыс аймағының емес. Аймақтық мәдениет басқармасының мамандары болса, үстіміздегі жылы ақын атындағы орталықтың ашылатынын айтып, көңілімізді байытты. Және «ақын» аты қоғамда лайықты насихатталып, Қадыр оқулары облыстық деңгейде емес Республикалық көлемде өткізілетін жылдағы дәстүрге айналу керек. Бүгінгі онлайын отырысы, ақын мұрасын насихаттауға арналған көп шаралардың бастамасы екендігін айтады. Шараға жиылған игі жақсылар, болашақта атқарылар шаралардың ауқымды болғаны жөн екенін айтып тарқады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.