Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот үкімімен келіспейді

c 17:38, 08/02/2022 c 468

0:00 / 0:00

Еш жазықсыз Марат Өтеғұловтың жүрегіне пышақ сұғып өлтірген 14 жылға сотталған қылмыскер Туренковтың азаматтық некедегі әйелі және оның қорғаушысы сот шешімімен келіспейді. Арнамызға келіп, сот тым қатал шешім шығарды,- деген Александра Шаутенбаева Туренковтың адам өтіруге оқталмағанын айтады.Олар бұдан басқа ауыр қылмыс жасап, аз уақытқа сотталған жандардың ісін алға тартып, Виталий Туренковтың жазасы олардың қасында тым ауыр деп отыр. Кеше яғни, 2-ші ақпан күні өткен жылы қыркүйек айында «Витс» дүкені маңында азаматтық некедегі әйелін бұзақылардан қорғамақ мақсатында жәбірленуші Марат Утегуловтың жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген Виталий Туренковтың ісіне байланысты сот шешімі шығып, айыпталушыны 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сотталушының азаматтық некедегі әйелі соттың бұл шешімімен келіспейтінін айтты. Сот үкімі шыққан кезде неліктен сот залында болмадыңыз деген сұраққа, ол денсаулығының нашарлап, көңіл хошының болмағандығын желеу етіп отыр. Ал күдікті Виталий Туренковтың қорғаушысы үкім өте қатал деп есептейді.Ал судья Бахыт Ермаханов өз кезегінде Виталий Туренковтың барлық әрекеті бейне жазбаға түсіп, дәлелденгенін айтып, бұл оған тағылған әділ үкім дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.